» » » Асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларының есебі

 
 
 

Асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларының есебі

Автор: admin от 12-01-2016, 11:50, посмотрело: 2674

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Теміртау политехникалық колледжі

Энергетикалық пәндер                                                               Бекітемін:
ЦӘК отырысында қарастырылды                                             ТПТК әдіскері
және келісілді:______________                                                 ____________
_______Кун О.В.                                                                         _______Жанисова Р.Н.                                               

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Пән: «Электрлік машиналар және трансформаторлар»
Тақырыбы:
«Асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларының есебі»

                                                                                                    
Дайындаған:
Энергетикалық пәндер
оқытушысы Ибраева Р.К.

Теміртау 2015-2016 оқу жылы

 

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Ибраева Р.К.
Өткізілетін күні: 24.12.2015ж.
Топ: ЭМ 2013-1
Сабақтың тақырыбы: Асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларының есебі
Сабақтың типі: Білімдерін жүйелеу және қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: іскерлік ойын

Сабақтың мақсаттары және міндеттері:

Әдістемелік мақсаты: Ойын технологияларын сабақ барысында пайдаланып, оқушылардың сабақтағы танымалдылық әрекетін белсендендіру

Сабақтың мақсаты: Теорияда алған білімдерін жүйелеу және асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларын есептеу арқылы тәжірибелік дағдыларын бекіту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

  • «Асинхронды қозғалтқыштар», «Асинхронды қозғалтқыштардың жоғалтулары» тақырыптары бойынша алған білімдерін жүйелеу
  • Асинхронды қозғалтқыштың жоғалтуларын есептеу арқылы тәжірибелік дағдыларын бекіту

Дамытушылық:

  • Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, техникалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • Оқушылардың жан-жақтылығын, тақырыпқа деген қызығушылығын қалыптастыру және арттыру;

Тәрбиелілік:

  • Топпен жұмыс жасауға және жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Дұрыс нәтижеге жету үшін жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыландыру
  • Оқушыларды жігерлілікке, өз күшіне өзі сенушілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: «Электржетегінің негіздері», «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру», «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электржабдығы».

Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар:

  • компьютер
  • проектор
  • бейне-ролик
  • презентация
  • сурет слайдтар
  • қосымша тарату мәліметтер – карточка-тапсырмалар
  • ашық сабақтың жоспары
  • смайлдар
  • А1 ватман-плакаттар, маркерлер

Әдебиет:

  • Кацман М.М. Электрические машины     - М.: Высшая школа, 1990.

Алдын-ала берілген тапсырма:
- 2 топқа бөлу, топ басшысын таңдау
- «Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы», «Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі» тақырыптары бойынша презентация, бейнеролик дайындау

Іскерлік ойынның ережесі:
Ойынға «Электр және электрлік-механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 3 курс оқушылары қатысады. Ойын екі топ арасындағы жарыс түрінде өтеді. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңде сәйкесінше орындайтын тапсырмалар  берілген.
Әр топтың міндеті жоғарғы ұпай жинау. Жарыстың әр кезеңі нақты ережеге, уақыт шектеулігіне және жоғарғы ұпай санына ие.
Ойын соңында әр топтың жалпы ұпай саны саналады және жеңімпаз топ аталады.

Бағалау критерийлері:

 

Кезеңдер атауы

Бағалау

Жоғарғы ұпай

1

Топ басшыларының жарысы:

  • Бейнеролик
  • Сұраққа жауап

 

  • 10 ұ.
  • 2 ұ.

 

 

12 ұ.

2

Сұрақ – жауап

Жеңіл – 1 ұ.
Орташа – 2 ұ.
Күрделі – 3 ұ.

6 ұ.

3

«Формулалар сөйлейді» кезеңі

Әр дұрыс жазылған формула – 1 ұ.

10 ұ.

4

Тәжірибелік кезең

Әр дұрыс жауап – 1 ұ.

35 ұ.

 

Барлығы:

 

63 ұпай

Топтың қорытынды бағалануы:


Алынған ұпайлар саны

Баға

55 – 63 ұ.

5

46 - 54 ұ.

4

36 – 45 ұ.

3

35 ұпайдан төмен

2

 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Сабақ жүргізу уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.
Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
Журнал толтыру.
Оқушылар зейінің сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жоспарын хабарлау. Ойын ережесімен таныстыру.

Амандасу.
Ұйымдасу.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жоспарын ұғыну.
Іскерлік ойын ережесі бойынша ақпарат алу.

5 мин

2

Негізгі кезең (іскерлік ойын):
- топ басшыларының жарысы

 

 

Топ басшыларына жеребе тастау.
Әр топ басшысы дайындаған презентацияны, бейнероликті тамашалау.
Қойылған сұрақтарға жауаптарын тыңдау.
Ұпай қояды (оқытушы көмекшісі жазып отырады).

Жеребеден бірінші болған топ бастау.
Әр топтың басшысы презентация, бейнеролик көрсету.
Қарсы топтың екі сұрағына жауап беру.

12 мин

 

 

- сұрақ-жауап

 

Оқушылар экраннан таңдаған сұрақтарды қою.
Дұрыс жауаптарын экранда көрсету.
Ұпай қояды (оқытушы көмекшісі жазып отырады).

Топ басшылары кезекпен әр түрлі дәрежелі сұрақтарды таңдайды. Топ мүшелері жауап береді.

10 мин

 

- «Формулалар сөйлейді» кезеңі

 

Экранға кезекпен формулалар атауларын шығару.
Экранға дұрыс формулаларды шығару.
Дұрыс формулаларды санап  ұпай қояды (оқытушы көмекшісі жазып отырады).

Қолдарын көтеріп формуланы А1 ватманға жазу.

10 мин

- тәжірибелік кезең

 

Карточкамен 7 нұсқалы есеп беру.
Оқушылар есеп шығарғанда экранға сурет слайд шығару.
Оқушылар есеп шығарған соң экранға есеп жауаптары көрсетілген кестені шығару.
Ұпай қояды (оқытушы көмекшісі жазып отырады).

Карточкалар таңдап алу.
Есеп шығару.
Нәтижесін А1 ватмандағы кестеге енгізу.
Барлық нәтиже енгізілгеннен кейін топ басшысы дұрыс жауаптарды белгілеу.

 35 мин

3

Қорытынды кезең

Әр топтың ұпайларын санайды.
Жеңімпаз топты атау.
Оқушыларға баға қою.
Қойылған сабақ мақсатына жету дәрежесін анықтау.

Жалпы ұпай нәтижесін алу.
Бағаларын алу. Сабақ дәрежесін бағалау, қойылған мақсатқа жету дәрежесін бағалау. Сабақтан алған көңіл күйлерін смайлдар арқылы көрсету.

6 мин

4

Үй тапсырмасы

Экранға үй тапсырмасын шығару.
Үй тапсырмасын орындауға нұсқаулар беру.

Үй тапсырмасын жазу.
Нұсқауды тыңдау

2 мин

САБАҚ БАРЫСЫ

  • Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

- Амандасу
- Журнал толтыру.
- Оқушылар зейінің сабаққа аудару
- Оқушыларды тізім бойынша тексеру
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жоспарын хабарлау.
- Ойын ережесімен таныстыру.
- Жарыстың кезеңдерімен таныстыру:
- Топ басшыларының жарысы (презентация, бейнеролик)
- Сұрақ-жауап
- «Формулалар сөйлейді» кезеңі
- Тәжірибелік кезең

Слайдтар:
- «Сабақ тақырыбы»,
- «Сабақ мақсаты»
- «Сабақ жоспары»
- «Әр кезеңнің бағалануы»

  • Негізгі кезең «Іскерлік ойын»

1 кезең «Топ басшыларының жарысы» – 12 мин
Бұл кезең оқушылардың алдын-ала алған тапсырмаларынан тұрады.
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды. Қарсы топтың қойған сұрақтарына жауап береді. Әр презентацияның мазмұны, шығармашылығы, сұрақтарға дұрыс жауап беруі бағаланады.
Бұл кезеңнің жоғарғы ұпайы – 12.
Жеребе арқылы бірінші болған топ басшысы шақырылады.
Жеребе арқылы екінші болған топ басшысы шақырылады.
Оқытушы бағалайды, оқытушы көмекшісі ұпайларды кестеге енгізеді.

 

2 кезең «Сұрақ-жауап» – 10 мин
Бұл кезеңде оқушылар экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар түрлі қиындық дәрежемен берілген.
Сұрақтар экранда көрсетілген. Топ басшылары кезекпен сұрақтарды таңдайды. Сұрақтарға топ мүшелері жауап береді. Егер, жауап дұрыс болса, топ ұпай жинайды, егер, жауап дұрыс болмаса екінші топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады.
Топ жинаған ұпайлар саналады.
Слайдтар:
- «Сұрақтар»
-  «Жауаптар»

 

3 кезең «Формулалар сөйлейді» – 10 мин
Бұл кезеңде экранға кезекпен 10 формула атауы шығарылады. Оқушылар жылдам қолдарын көтеріп, формуланы ватманға жазу керек. Кейін дұрыс формулалар экаранға шығарылады. Әр жазылған дұрыс формула 1 ұпаймен бағаланады. Қай топ қанша дұрыс формула жазса, сонша ұпай жинайды. Топ ұпайлары саналады.

Слайд:
- «Формула атаулары»

4 кезең «Тәжірибелік кезең» – 35 мин
Бұл кезеңде топ мүшелеріне карточкалар таратылады. Карточкаларда нұсқамен есеп берілген. Оқушылар өз есептерін шығарады. Есеп шығару кезінде экранда сурет слайдтар көрсетіледі. Есеп шығарып болған соң нәтижелерін оқушылар ватманда көрсетілген кестелерге жазады. Кестелер толтырылған соң, экранға дұрыс нәтижелер көрсетілген кесте шығарылады. Сол кесте бойынша топ басшылары шығып қарсы топтың дұрыс жауаптарын белгілеп, жалпы ұпайды ватманға жазады. Әр дұрыс нәтиже 1 ұпаймен бағаланады. Жоғарғы ұпай – 35.
Ұпайлар саналады және жалпы нәтиже шығарылады.
Слайдтар:
-  «Сурет-слайдтар»
- «Дұрыс нәтиже көрсетілген кесте»

  • Қорытынды кезең 6 мин

Бұл кезеңде оқытушы көмекшісі әр топтың ұпайларын санайды. Жеңімпаз топты атайды. Оқушыларға баға қойылады. Қойылған сабақ мақсатына жету дәрежесін анықтау мақсатында рефлексия жүргізіледі (Сабақ ұнады ма? Қойылған мақсатқа жеттік пе? Не ұнамады?)
Сабақтан алған көңіл күйлерін оқушылар смайлдар арқылы көрсетеді.

  • Үй тапсырмасы – 2 мин

Экранға үй тапсырмасын шығарады. Үй тапсырмасы нұсқамен берілген есеп. Үй тапсырмасын орындауға нұсқаулар беріледі. Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады, оқытушы нұсқауын тыңдайды.

Категория: Информация » База знаний

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок