» » » Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану

 
 
 

Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану

Автор: nurzadaibraeva от 27-01-2016, 11:36, посмотрело: 9086

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТЕМІРТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Физика пәнінен сабақ жоспары.
тақырыбы: «Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану»

Оқытушы:
Ибраева Н.Н.

Білімнің қазіргі кезеңінде тұлғаға бағытталған,  дамыта оқыту моделі өзекті. Бүгінде білім беруде жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылар өздері «жаңалықтар» енгізуін ұйымдастыру қажет. Мұны өздігімен  жұмыс жасау сабақтары көмегімен жүзеге асыруға болады; бұл жұмыстың негізгі бағыты оқушының жеке тұлға ретінде дамытумен байланысты. Сабақтың жоспарын ұсынамын.
Физика пәнінен сабақ жоспары.
Оқытушы: Ибраева Н.Н.
Топ:
Тақырыбы: Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, тарату және тиімді пайдалану.
Мақсаттары:
Білімділік: Электромагнитті кеңістіктің түсінігін материя және тіршіліктің айғағы ретінде қалыптастыру. Трансформатордың жұмыс істеу принціпін және құрылымын үйрену.
Дамушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін және интеллектуалды біліктілігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тұлғаның адамдық қасиетін және материалдық дүние танымын қалыптастыру.
Әдістемелік мақсаты: АКТ арқылы оқытуда интерактивті технологияны қолдану және физика сабағында оқытушылардың ұжымда жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Негізгі білімі мен дағдысы:

  • трансформатордың жұмыс істеу принціпін және құрылымын білу.
  • трансформатормен ток күші және айнымалы ток тізбегіндегі кернеуді есептеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Ұйымдастыру формасы: Оқытушының көмегімен өзіндік жұмыс жасату.
Оқыту әдісі: ұжымдық жұмыс, орындалған практикалық жұмыстарды қорғау.
Пәнаралық байланыс: Математика
Демонстрациялар: Жоғарлатқыш және төмендеткіш трансформаторлардың жұмыс істеу принципін виртуалды түрде көрсету.
Оқулық-әдістемелік қамтылуы: оқу материялының презентациялары,   трансформатор.
ТОҚ:

  • Мультимедиалы проектор;
  • Экран
  • Компьютер.

Сабақ барысы
І кезең. Қызметке өзіндік бейімделу
Кезеңнің мақсаттары: Оқушылардың назарын аудару, сабақтың мазмұнын қысқаша анықтау.


Әдістемелік   дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

       Уақыт

Оқытушы жұмыс жасауға жағдай туғызады, алғы сөзбен оқушыларды сабаққа бейімдейді.

Сәлеметсіздер ме? Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын.
Бүгін бізді, қызықты сабақ күтуде. Біз сіздермен
« Айнымалы ток » тақырыбы бойынша танысуымызды әрі қарай жалғастырамыз.

 

 

Тыңдайды.
Сабаққа бейімделеді.

 

 

ІІ кезең. Білімнің өзектілігі.
Кезеңнің мақсаттары:  Материалды меңгеру үшін негізгі мәліметтерді қайталау. Жаңа салыстыруды, талдауды, қорытындылауды қабылдау үшін ойлау қабілеттерін дамыту. Жеткіліксіз білімдерін, қиындық туғызатын тапсырмаларды белгілеу.
Өткізу тәсілі – тест

Әдістемелік   дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

 

 

Сәттілікке бейімдеу, ойлау қызметін дамыту. 

Тақырыпқа қатысты не білетінімізді еске түсірейік. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер. Мұндай жұмысты жасағанбыз. Сіздер оны жақсы істей аласыздар.

Сұрақтарға жауап береді. Бір – бірінің жауабын тексереді.Қорытындылайды. Салыстырады. Кеткен қателіктерді анықтайды, жеткіліксіз білімдерін белгілейді.

 

 

10мин

 

 

 

 

 

 

 

1-нұсқа
№ 1 Контурда айнымалы электр тоғын тудыратын:
А.Тұрақты магнит өрісі
В.Біртекті электр өрісі
С. Айнымалы магнит өрісі
D.Біртекті магнит өрісі
Е.Тұрақты электромагниттік өріс

№ 2 Ауданы 200 см2 рама индукциясы 0,4 Тл магнит өрісінде 50 Гц жиілікпен айналады. Рамада пайда болған индукция ЭҚК– ң амплитудалық мәні қаншаға тең?
А.2 В
В. 2,5 В
С.3 В
D. 3,5 В
Е.4 В
№ 3 Төменде келтірілген қондырғылардың қайсысының жұмыс принципі электромагниттік индукция  құбылысына негізделмеген?
А. Айнымалы ток генераторы
В.Тұрақты ток генераторы
С.Трансформатор
D.Электр двигателі
Е.Айнымалы токтың түзеткіші
№ 4 Электр желілері мен электр тізбектерінде трансформаторлар қандай қызмет атқарады?
А.Айнымалы токтың жиілігін ретке келтіреді
В.Айнымалы токты тұрақты токқа айналдырып түзетеді
С. Айнымалы ток тізбегінде кернеуді арттырса ток күшін төмендетеді немесе керісінше кернеуді төмендетсе ток күшін арттырады
D.Айнмалы ток тізбегінде кернеу мен ток күшін бірдей жоғарлатып береді
Е.Айнымалы ток тізбегінде кернеу мен ток күшін бірдей төмендетіп береді
№ 5 Айнымалы ток дегеніміз не?
А. Бұл мәжбүрлі электромагнитті тербелістер
В.Электрлі және магнитті өрістердің периодты өзгеруі.
С. Электр зарядтарының қозғалысы
D.Еріксіз электромагниттік тербелістер
Е. Еркін электромагниттік тербелістер
№ 6 Теңдеуге сәйкес, токтың әрекет етуші күшінің мәні неге тең? Ј = 5sіn 10πt
А. Ј = 10/ √2;
В) Ј = 5/ √2
С. Ј = 5 * √2
D.J=10*√2
Е.J=10*√5
№ 7 Стандартты жиіліктің айнымалы тогын ненің көмегімен алуға болады:
А. Гальван. Элементімен
В. Айнымалы токтың қозғалтқышымен
С) Айнымалы ток генераторынан           D.Трансформатордан                      Е.Электр энергиясынан
2-нұсқа
№ 1 Айданы 500 см2 рама индукциясы 0,01 Тл магнит өрісінде 50 Гц жиілікпен айналады. Осы рамада пайда болған индукция ЭҚК–ң 0,005 с ішіндегі мәнін анықтаңыз?
А.0,12 В
В. 0,16 В
С.0,2 В
D.0,25 В
Е.0,3В
№ 2  Амплитудалық мәні 5,66 А айнымалы токтың әсерлік кернеуі 220 В. Айнымалы токтың қуаты қаншаға тең?
А.760Вт
В.800 Вт
С.880 Вт
D.920 Вт
Е.530 Вт
№ 3  Сиымдылығы 100 мкФ конденсатор жиілігі 50Гц кернеудің әсерлік мәні 220 В айнымалы ток тізбегіне жалғанған. Тізбектегі токтың шамасы қандай?
А.1,5 А
В. 1,1 А
С.1,3 А
D.2 А
Е.0,8 А
№ 4 Жүктемеде кернеу мен ток жүктемеге қатысты былай өзгереді;
U = Umcoswt;    J = Jmcos ( ωt – π/2)
Бұл қандай жүктеме?
А. активті
В. индуктивті
С. сыйымдылықты
D.циклдық
Е.айналу
№ 5 Айнымалы токтың Э.Қ.К тізбекте заңы бойынша ауысады.
Е = 2  0sіn4πt
Ем - ? ω - ?
А. 20; ω = 4π
В. 80; ω = 4
С. 20π; ω = 4π
D.80π;ω=4π
Е. 50π;ω=4π
№ 6 Айнымалы токтың стандартты жиілігі?
А. 60Гц
В. 100Гц
С. 50Гц.
D.70Гц
Е.80Гц
№ 7 Электромагнитті индукцияның құбылысы бұл?
А. Тұйықталған өткізгіш контурда айнымалы магнит кеңістігінің көмегімен токтың пайда болуы.
В. Тұйықталған контурда магнит ағынының өзгеруі
С. Катушкада магнитті және электр энергиясының өзгеруі
D.Индукцияның электр қозғаушы күшін қоздырады
Е.Өзекте магнит ағыны пайда болады

 

3-нұсқа
№ 1 Катушкада магнитті және электр энергиясының өзгеруі .
А. J=Jmcos(ωt + π/2)
В. J=Jmcos(ωt-π/2)
С. J = Jm cosωt                 D.J=Jm sinωt                                Е.J=Jm sin(ωt+π/2)
 № 2 Айнымалы ток тізбегіндегі электр шамының кедергісі 30 Ом. Токтың амплитудалық  мәні 2 А болғанда оның қуаты қаншаға тең?
А. 60 Вт
В.50 Вт
С.40 Вт               D.30 Вт                    Е.25 Вт
№ 3 Өткізгіштің айналуы кезінде рамкалар біртекті магнит кеңістігінде магнит ағыны Ф = 0,01 cos 10πt. Eм неге тең? және теңдеуді жазыңыз е = е (t) - ?
А. 0,1; E = 0,1sin 10πt
В. 0,1π; E = 0,1 πsin10πt
С. 0.01 π; E = 0,01sin 10π
D.0.001π;E=0.001sin 10π                Е. 0.001π;E=0.001πsin 10π
№ 4 Жиілігі 50 Гц әсерлік мәні 3 А айнымалы тоққа индуктивтігі 0,2 Тл катушка жалғанды. Кернеудің амплитудалық мәнің анықтаныз?
А.242 В
В.256 В
С. 266 В            D.274 В                     Е.282 В
№ 5 Егер Uәрекет = 430кВ болса, өткізгіш желісінің оқшаулағышын қандай кернеуге есептеу керек
А. 610кВ
В. 250кВ
С. 100кВ        D.180кВ         Е.520кВ
№ 6 Сиымдылығы 10 және 20 мкФ конденсаторлар жиілігі 50 Гц айнымалы ток тізбегінде қандай кедергілер тудырады?
А.240 Ом; 120 Ом
В.264 Ом: 132 Ом:
С. 318 Ом; 159 Ом                   D.306 Ом; 153 Ом                           Е.294 Ом; 147 Ом
№ 7 Индуктивтіктері 0,1 және 0,2 Гн катушкалар жиілігі 20 Гц айнымалы ток тізбегіне жалғанғанда қандай кедергілер тудырады?
А. 31,4 Ом; 62,8 Ом  
В.27,2 Ом; 54,4 Ом
С.32,6 Ом; 65,2Ом                   D.25,5 Ом;17,5 Ом                           Е.12,6 Ом;8,3 Ом


Нұсқалар

        1

         2

        3

        4

         5

         6

         7

         I

C

В

А

С

А

В

С

        II

В

С

В

В

А

С

А

       III

С

А

В

С

А

С

А

ІІІ кезең Қызмет мақсатын қою
Кезеңнің мақсаттары:  Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен тақырыбын қалыптастыру және келісу.  


Әдістемелік дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

Оқытушы проблемалық жағдай туғызады  және оқушыларды сабақтың  мақсаты мен тақырыбына жетелейді.

Белсенді танымдылық қызмет туындайды, өздері сабақтың мақсатын белгілейді. Сонымен, біз «Айнымалы ток» тақырыбы бойынша негізгі материалдарды қайталадық   және еске түсірдік. Сіздер келесі сұрақтарға жауап бере аласыздар ма? 220В электр тізбегінен  36В жүктемеге қалай беруге болады?
1.Неге қиындықтар туындады? Айнымалы ток туралы біз не білмейміз?
2. Сабақта қандай мақсат қоямыз?

 

3. «Түрлендіргіш» ағылшын тілінде қалай аталады.
4. Сабақтың тақырыбын жазыңыз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

 

 

 

 

 

 

1.Айнымалы ток параметрлерін қалай түрлендіруге болады?

2. Түрлендіргіш кернеудің және ток күшінінің құрылымын физикалық және техникалық дәлелдеу.
3. Ағылшын сөзі             « transform » - түрлендіргіш.
4. Сабақтың тақырыбы  
« Трансформатор »
Мақсаты: трансформатордың құрылымын және жұмыс істеу принципін меңгеру.

 

 

        

 

   5м

 

IV кезең. Оқушылармен жаңа білімдерінде жаңалық ашу  .
Кезеңнің мақсаттары: Оқушылармен жаңа білімдерінде жаңалық ашу үшін өзара « оқушы-оқушы», « оқушы-оқытушы» қатынастарын ұйымдастыру,  матриалды толықтай түсіну үшін көрнекілікті пайдалану.


Әдістемелік   дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

       Уақыт

Керекті мәліметтерді іздеуге дағдыланады, бірлесіп істеуді үйренеді, екі өзара байланыс үдерісі жүзеге асады: әрекет және өзіндік үйрену.
Білімдері жақын және толық, өзіндік қызмет үдерісінде  «табылған»  болады.  Оқушылар өздігінен білім алады, мәтіндерін дайындайды. Топта жұмыс өздігінен жасалынады.

Өз уақытында, қажет болған жағдайда сұрақтар арқылы оқушыларды қандайда қиындықты шешуге  баулиды, жаңалықты меңгеруге жағдай туғызады. Оқушылардың жауабын түзетеді, оқушылардың сенімді әрекетін ұйымдастырады, сәттілік  жағдайын туғызады. 

Топтарға бөлінеді:
Барлық топтар бірдей тапсырма алады.Трансформатордың құрылымымен танысу. Трансформатордың жұмыс істеу принципімен танысу.
Екінші кезеңде топтар жеке тапсырмалар алады
1.1-ші топ трансформатордың бос жүрісімен танысу.
2.2-ші топ трансформатордың жүктемемен жұмыс жасалуын меңгеру.
3.3-ші топ трансформатордың ПӘК танысу.
Топтарда жұмыс жүргізіледі: Теориялық қорытындылар жасайды, талдайды, салыстырады. Бастысын белгілеп, өз мәтінін құрайды, өздерінің сөздерінің жоспарын құрастырады. Орындалған тапсырмаларды көрсету арқылы қорғайды. Оқушылар оқытушының көмегімен трансформатор туралы толық сипаттама береді.

 

 

 

 

30мин

 

V кезең.  Жаңа материалдың меңгерілуін тексеру.
Кезеңнің мақсаты: Жаңа материалдың меңгерілуі.
Сұрақтарды талқылау:


Әдістемелік дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

Барлық оқушылар диологқа қатысады, ойлау қабілеті  дамиды.
Сөйлеу қабілеті дамиды, өз білімін пайдалану біліктілігі, дұрыс ойлау қабілеті дамиды.

Сұрақтар қойылады
1.Трансформатор дегеніміз не?
2.Трансформатордың құрылысы қандай?
3.Трансформатордың атқаратың қызметі қандай?
4.Трансформатордың түрлері?
5. Трансформация коэффициенті деп нені айтады?
6. Трансформатордың өзекшесін неге оқшауланған пластиналардан жасайды?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді, тәжірибеде жинаған білімдерін пайдаланады, сұрақтарды талқылайды, ойларын жеткізеді.

 

 

 

 

10мин

 
VI кезең. Есептер шығару арқылы жаңа тақырыпты бекіту ( 17 мин )
Кезеңнің мақсаттары:Алған білімдерін тәжірибеде қолдану. Есептер шығарту. Электр энергиясын өндіру, тарату және тиімді пайдалану туралы түсінік беру.


Әдістемелік дәлелдеу

Оқытушының әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

Тақырыпқа байланысты есептер шығарту.

 

Презентация көрсету. Оқушылардың белсенділігін арттыру.

Оқушыларға есептерді беру. Есеп шығарылуын қадағалау. Қиындықтар туындаған жағдайларды түсіндіру. 

 

Презентация арқылы электр энергиясын өндіру, тарату және тиімді пайдаланылуын көрсету.

Оқушылар есептерді тақтада шығарады, түсіндіреді, жауаптарын тексереді.
Оқушылар белсенді жұмыс жасайды, оқытушының сұрақтарына жауап береді.

 

 

17мин

Шығаруға арналған есептер:
1) Трансформатордың бірінші орамасындағы  ток күші 0,5 А, ал оның  ұштарындағы кернеу 220В. Екінші аралығындағы  ток күші 11В, ал оның ұштарындағы  кернеу 9,5В. Трансформатордың   ПӘК-ін анықтау керек. (Жауабы: n=95% />)
2)Трансфоратордың  бірінші катушкасының  орамдарымен  жүретін  ток шамасы 5А, Егер трансформация  коэффициенті 0,4 болса  екінші катушка орамдарымен  жүретін ток қандай болады?                     (Жауабы: I sup(2)=2A/>)
3) Трансформатордың  бірінші катушкасында 1200 орам бар және  ол 220В кернеуге, 3А ток күшіне  арналған. Электрмен пісіру қондырғысын жасауға  қажетті  100А ток алу үшін екінші  катушканың орам санын  қандай етіп таңдайды. 
4)Төмендеткіш трансформатор кернеуі 220В электр желісіне қосылған. Оның екінші орамасының қысқыштарына  8 Ом кедергі жалғанды. Егер трансформация  коэффициенті 55 болса, кедергі  бойымен жүретін  тоқтың шамасы қаншаға тең. (Жауабы: I=0.5A />)

VII кезең Сабақтың соңғы кезеңі ( 5мин )
Қорытынды жасау. Бағаларды жариялау. Рефлексия.
Үйге тапсырма: өз еркімен « Қазақстандағы жалғыз электр желісі », « Электр энергиясының Қарағанды обылысында орналасуы », « Теміртау  қаласын электр энергиясымен қамтамасыздандыру» тақырыптарына презентация жасау.

Категория: Информация » База знаний

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок