» » » » Білімділік пен тәжірибе – шығармашылық бастауы

 
 
 

Білімділік пен тәжірибе – шығармашылық бастауы

Автор: admin от 24-01-2012, 16:09, посмотрело: 2712

0
Білімділік пен тәжірибе – шығармашылық бастауы


Р.Н. Жанисова, экономикалық пәндер ЦӘК төрайымы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім.
Мұхтар Әуезов


Қазақстанның болашағы білімді де білікті, дарынды да қабілетті ұрпақтың қолында. Сондықтан бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты -өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбилеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Мұхтар Әуезовтың дана сөзін көңілге түйіп, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін білім саласына отандық және әлемдік оқыту үрдісіндегі жаңалықтарды ұлттық мүддеге негіздеп енгізуіміз керек. Осындай мақсатқа жету үшін экономика әдістемелік комиссиясының мұғалімдері жаңа технологияларды білуге және өз іс-тәжирибесінде қолдануға тырысады. Олар ақпараттық технологиялар, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, 1с бухгалтерия бағдарламасын енгізу, несие инновациялық технологиясы, экономика пәндер бойынша іскерлік ойындар және дәстүрлі педагогикалық технологиялар табысты түрде қолдануда.
Экономикалық пәндер комиссиясы 1997 жылы құрылған. Құрамында 10 оқытушы бар. Оның ішінде 4 мұғалім жоғарғы санатты, 4 оқытушы – 1 санатты, ал 2 оқытушы жас мұғалімдер. Комиссиямыздың ұстаздары өте қарапайым, әрі білікті адамдар, қадірлі ұстаздар, өз ісінің шеберлері.
2006-2007 жылдары әдестемелік комиссияға Зауреш Мухамеджановна Даирбекова, ал 2008-2010 жылары Джамарья Канафьяновна Садвакасова жетекшілік етті. 2010 жылдан бастап комиссия төрайымы болып Роза Нурахметовна Жанисова тағайындалды.

ЦӘК мүшелері

Комиссиясының ұлағатты ұстаздарының қатарында Даирбекова З.М., Свищева Т.М., Антюфеева Г.М., Садвакасова Д.К., Адамова С.С.бар.
Ардагер ұстаз Даирбекова Зауреш Мухамеджановнаның жұмыс тәжирибесі 47 жыл. Ол 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» ардақты белгісімен марапатталған.
Татьяна Михайловна Свищева «Еңбек ардагері» медалінің (1989 жылы) иегері. Ол өмірінің 35 жылын ұстаздық қызметке арнаған.

Білімділік пен тәжірибе – шығармашылық бастауы
ЦӘК мүшелерінің отырысы


Олардың ғылыми-педагогикалық еңбектері жоғары бағаланып келеді.Олар оқушыларының ойын жетілдіріп, арман қанатына ілестіріп, алға мақсат қоя білу жолында жөн-жоба көрсетіп, мейірім шуағына бөлейтін, балалықтан болашаққа қарай жол ашушы тұлғалар.Әріптестері олардың іскерлігіне, білімдарлығына, қиын-қыстау жағдайда ақыл айтып, адамды жадырата, жайдарландырып, мол өмір тәжирибесін ортаға салуға асығатын асыл қасиеттерін тек біздің комиссия ғана емес, бүкіл колледж ұжымы қадірлейді.
Олардың ізін басып келе жатқан жас оқытушылар- шәкірттері үлгі тұтады. Жас мамандар Айгүл Елубаевна Шоланова, Райхан Лесбековна Жумабекова, Айжан Советовна Абишева, Аида Сембаевна Ногаева өз жұмыстарына шығармашылықпен қарап,шеберліктерін жыл сайын дамытуда.
Ал колледжімізге беделді ұстаздар Галина Михайловна Антюфеева, Светлана Станиславовна Адамова оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласады. Г.М. Антюфееваның кәсподақ комитетінің төрайымы ретінде атқаратын жұмыстары ұшан-теңіз. Ол әріптестерінің мүдделерін қорғауда, оқушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға үлкен үлес қосуда.
Оқушылар бойында шығармашылық қасиеттерді дамытуға, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына оқытушы С.С.Адамова шебер тәрбиелейді. Оның ұйымдастырушылығымен өткен сыныптан тыс іс-шаралары жоғарғы деңгейде өтуімен ерекшеленеді.
Ұстаз тек білім беруші ғана емес. Ол – адамдықтың, мәдениеттілік пен адалдықтың үлгісі. Ұстаз мәртебесі қашан да биік.

Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК экономических дисциплин

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок