» » » » Копбаева Г.И. Темиртауский политехнический колледж Тема доклада: «Коммуникативті бағытталған әдіс-қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі.»

 
 
 

Копбаева Г.И. Темиртауский политехнический колледж Тема доклада: «Коммуникативті бағытталған әдіс-қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі.»

Автор: admin от 3-07-2015, 10:34, посмотрело: 2074

8

Копбаева Г.И.

Темиртауский политехнический колледж

Тема доклада: «Коммуникативті бағытталған әдіс-қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі.»



Қазір егеменді елімізде басқа тілді дәрісханаларда,соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру орындарында, қазақ тілін оқытуды жетілдіруге ,оны үйретудің тиімді жолдары мен бағыттарын іздестіруге ,тілімізді мемлекеттік дәрежеге көтеруге айрықша назар аударылып отыр.

Қазір тәжірибеге қазақ тілін оқытудың әртүрлі технологиялары енгізілуде. Осындай әдістердің бірі-коммуникативті-бағытталған әдісті назарларыңызға ұсынамын.

Бұл әдіс дүние жүзінде өзге тілді оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Түпкі мақсаты : үйренетін тілде сөйлеуге үйрету,күнделікті өмірде қолдануға қажеттілік туғызу. Әдісті меңгеру әртүрлі сатылардан тұрады. Бірінші сатыда студент үйренетін тілдің ауызша,жазбаша түрлерін түсінуі керек,белгілі бір жағдайда,нақты ортада өзінің ойын жеткізе біліп,сол жағдаятқа байланысты өзін қолайлы сезінуі қажет. Бұл сатыда тіл үйренушілердің сөйлеу тілін қалыптастыруда грамматиканың алатын орны ерекше. Әсіресе, сөйлеу үрдісі - сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді меңгермей жүзеге аспайды. Екінші ескеретін жағдай: өзге тілде сөйлеуге үйрету үшін студенттер белгілі бір шамадағы сөздік қорын меңгеру қажет (күнделікті өмірде қолданатын сөздерден бастап, арнайы немесе мамандыққа байланысты қолданатын сөздерге дейін).

Грамматика, лексика,басқа да коммуникативті тұлғалар біртұтас болып беріледі. Материалдардың бұндай берілуі өзге тілге оқытудың алғашқы сатысынан-ақ өз нәтижесін береді. Осындай үрдіс кезінде оқытушы студенттердің психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, ішкі жан дүниесін жараламай, өздерін еркін ұстауға, ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызуы керек. Қорыта айтқанда, бұл әдістің басты принципі - ауызекі сөйлеуге үйрету, күнделікті өмірде қолдануға қажеттілік туғызу.

Қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде кездесетін үлкен қиындық: ұстаз сабақтың лексикалық тақырыбына грамматикалық материалдарды шебер ұштастыра алмайды. Тілдік білім ауызекі сөйлеу қажетгілігі түрғысынан берілмей, әлі де ғылым ретінде меңгеріліп келді. Ал лексикалық тақырып бойынша сабақ өткізу көбіне дайын мәтіндерді жаттатып, айтқызумен шектеліп келе жатыр.

Оқушылардың сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дүрыс айта білу, сөз тіркестерін қүрастыра білу қабілетгерін дамыту - осылардың барлығы да байланыстырып сөйлеуге үйретудің алғы шарттары.

Сөйлем қарым-катынас жасаудың негізгі формасы. Демек, сөйлемнің (тілдің басқа бірліктеріне қарағанда) коммуни­кативтік қызметі басым. Сол себепті оқыту үрдісінде студенттерге сөйлемнің қүрамы мен қүрылысынан берілетін білім дағдылары сөйлеу жағдаятына негізделіп берілгені жөн. Оған А. Байтүрсыновтың мынадай түжырымы дәлел: «Тіл дамыту мәселесін тек қана грамматика заңдарына үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады» [А. Байтұрсынов, 1989, 49 бет «Тіл тағлымы»].

Қазақ тілін коммуникативті әдіс бойынша оқыту үшін грамматикалық дағдыларды меңгеруде мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру керек.

Бірінші міндет - сөйлем арқьлы коммуникативті дағдылар мен карапайым ауызекі сөйлеу қабілетгерін қалыптастыру.

Екінші міндет - басқа ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйретуде ана тілі дағдыларының келтіретін қиындықтарын жою. Ана тілінде сөйлеу дағдыларына байланысты қиындықтарды болдырмаудың бірден-бір жолы - оқушылардың қазақ тіліндегі айткан сөздеріндегі қателердің түрлерін жақсы біліп, олардың алдын алатын жаттығулар ұйымдастыру.

Үиіінші міндет — оқушыларды қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету - тілдік қүрылымның ең жоғарғы сатысы. Ол қосымша міндет туғызады: оқушылардың ойлауын дамытуға, ойын өз бетінше жеткізуге бағыттап, бірнеше сөзден сөйлемдер құрау, есіне сақтау, елестету қабілеттерін арттыру.

Төртінші міндет - типтік құрылымдар негізінде диалогқа үйрету.

Бесінші міндет - берілген сездерден студенттердің өз бетінше сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін, шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Бұл міндеттерді оқыту үрдісінде және оқушыларға сөйлеуді меңгерту барысында басшылыққа алған жөн. Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін окытуды белгілі дәрежеге жеткізуге болады.

Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК казахского языка

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок