» » » » Бәсекеге қабілетті маман даярлау - бүгінгі күннің талабы

 
 
 

Бәсекеге қабілетті маман даярлау - бүгінгі күннің талабы

Автор: admin от 24-01-2012, 10:12, посмотрело: 8510

0
Бәсекеге қабілетті маман даярлау - бүгінгі күннің талабы


Г.К.Шагирова, «Қазақ тілі» ЦӘК төрайымы


Білім берудің қазіргі замандағы негізгі мақсаты білім негізін беріп, білік пен дағдыны қалыптастырып, болашақ мамандық иесі болуға машықтандыру ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны дербес, әлеуметтік, кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуге даярлау болып табылады. Яғни, бүгінгі оқушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болып шығуы тиіс.
Қазіргі жедел ақпараттандыру мен жаһандану заманында «Отансүйгіштік» деген сөздің жанында «Мемлекеттік тіл» деген ұғым қатар тұрмақ.. Өскелең ұрпақты мемлекеттік тілімізді, еліміздің тарихын, салт-дәстүрін білуге, оны құрметтеуге, оқушыларды қазақстандық патриоризмге тәрбиелеу ісінде колледждегі қазақ тілі оқытушыларының атқарған істері өте көп. Біздің оқытушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілік алдымен өз оқу орныңнан басталады деген қағиданы берік ұстанған.
Бәсекеге қабілетті маман даярлау - бүгінгі күннің талабы


ЦӘК мүшелері


2007 жылы біздің колледж базасында қазақ тілінен облыстық олимпиада өткізілді. Осы үлкен шараның жоғарғы деңгейде өтуіне ардагер ұстаз Утегенова Асия Айсовнаның еңбегі зор. ХІ облыстық олимпиаданы жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін біздің ЦӘК қазақ тілі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Оқытушылар өз сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушылар үшін бар жағдайды жасауда. Соңғы бес жыл ішінде барлық мамандықтар бойынша қазақ тілінен, кәсіптік қазақ тілінен, орыс тілінен, әдебиеттен оқу әдістемелік кешендерді: оқулықтар, мәтіндер жинағын, электрондық оқулықтарды, авторлық бағдарламаларды құрастырды. Сабақтарында озық технологияларды пайдаланып, оқушылардың білім сапасын арттыруда көп жұмыстар атқаруда.Әрине колледж әкімшілігі де мемлекеттік тілді дамытудан ешқашан да тыс қалған емес. Колледжде 4 қазақ тілі кабинеті бар, оның екеуі соңғы заманауи үлгідегі лингафондық қондырғымен жабдықталған. Оқу әдістемелік кешендер үнемі жаңартылып отырады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдануды лингафондық кабинет меңгерушісі Жетимекова Жанар Ермековна жүзеге асыруда. Біздің кабинетіміз қалалық «Ең үздік қазақ тілі кабинеті» байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.(каб.жетекшісі Шагирова Г.К.)
Еңбек қашанда жемісін бермек. Біздің оқушыларымыз қалалық, облыстық сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары.
Колледждің өміріне жан-жақты араласып, болып жатқан іс-шаралардың ұйымдастырушысы да, ұйытқысы да, белсенді қатысушысы да біздің комиссия оқытушылары.
Жыл сайын колледжімізде Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында Қазақ тілі апталығын өткізу дәстүрге айналған. Осы апталық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. Олардың жоғары дәрежеде өтуіне Аменова Мейрамкул Мухамеджановна, Жандильдина Светлана Айчановна, Айдарбекова Ардақ Хамитовна, Сеитова Жанар Ризабековна, Копбаева Галия Исмаиловналардың қосқан үлесі өте зор.
Ал колледжімізде бірнеше жылдар бойы оқушылардың сүйікті үйірмелерінің біріне айналған, «Ақ желкен» драмалық үйірмесінің оқушылардың жан-жақты дамып, өз ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытудағы орны ерекше. Оқушылар үйірме жетекшісі Диханбаева Лаззат Тоқтасыновнамен бірлесе отырып колледж сахнасында Абай, Мұқағали, Бейімбет Майлин шығармаларын сомдады. Үйірме мүшелері бірнеше рет қалалық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары атанып, марапатталды.
Оқушыларымыз қалалық Абай оқулары, облыстық Махамбет оқулары, Мұқағали оқулары, Серік Ақсұңқарұлы оқуларына қатысып жүлделі орындарды иеленді. Қалалық «Жырлайды жүрек» атты жас ақындар мүшайрасында үнемі І және ІІ орындарды иеленуде.
Қазіргі таңда қазақ тілімен қатар орыс тілін білудің маңызы зор. Оқушыларымыз сауатты, бәсекеге қабілетті маман болып шығуы үшін, орыс тілінен білімдерін тереңдетуде оқытушы Шарипова Алма Мухамедиевнаның, мемлекетік тілде іс қағаздарын жүргізе білуге үйретуде Жанисова Роза Нұрахметовнаның қосқан үлестері аз емес.
Біздің комиссия мүшелері жыл сайын шығатын колледжішілік рейтинг қортындылары бойынша жоғарғы баллдарды иемденуде. 2007-2010 оқу жылдардың қорытындысы бойынша үздік жетістіктерге жеткен комиссиялар қатарынан көрінді. Мерейтой - өткен жылдардың мерекесі ғана емес, атқарған істерді қорытындылап, жаңа жетістіктерді жоспарлайтын кез.
Әріптестерімді колледждің 55 жылдық мерекесімен құттықтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде еңбектеріңіз жемісті болғай демекпін.

Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК казахского языка

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок