ЦМК ПОВТ

Автор: moldabaeva от 30-01-2016, 22:30, посмотрело: 3707

0 Теміртау политехникалық колледжінде «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі ретінде 1999 жылы енгізілген болатын. Сол жылдың өзінде бұл мамандық бойынша үш топ жиналған еді. Бұл әрине алғашқы қадам болатын, ал екінші қадам - 2004 жылы мемелекеттік тілде топтың пайда болуы, үшінші - 2007 жылы «Ақпараттық жүйелер» (АЖ) мамандығының пайда болуы, 2016 жылы холдинг Кәсіпқормен жаңа стандарттар негізінде «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» төртінші қадам болады.
Өткенге көз жүгіртсек, колледжімізде 1999 жылы Пентиум 2 және Windows – 95 операциялық жүйелерімен екі ғана компьютер кабинеті болған, бірақ сол компьютерлердің өзі біздің алғаш түскен студенттеріміз үшін қол жетпес арман болатын, себебі сол жылдары компьютерлердің көптеген адамның үйінде болмағаны айқын. Ал қазірге оралатын болсақ 10 аудиторияда 108 компьютер бар, және олар интернетке қосылып, тек информатика мамандығының мұгалімдерімен ғана емес, басқа саланың мұгалімдерімен де қолданысқа еніп отыр. Сонымен қатар колледжімізде кез-келген студенттің интернетпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін интернет кабинеті де бар. Бұл әрине 10 жыл ішіндегі колледжіміздегі техникалық қамтамасыздандырудың қарқынды дамығанының көрінісі.
Кеңінен таралған және ақылды болса да, бастысы мамандықта машиналар емес, бастысы-біздің ұстаздар. Комиссияда 11 мұгалім, және олардың үшеуі колледжімізде мамандықтың негізі қаланғаннан бері қызмет атқарып келеді. Олар Пархоменко М.Н. және Нугуманова В.М – мамандық бойынша сабақ беретін болса, Давидюк И.С. – информатика пәнінің мұғалімі.
ЦМК мұғалімдері тек колледждің ғана емес, облыстық және республикалық білім беру сайыстарына белсене араласып келеді.
 Мысалы, 2006 жылы өтілген «Алтын диск» республикалық информатика мұғалімдер сайысына Молдабаева Ж.Ш қатысып, «Әдіскер-мұғалім» номинациясына ие болды.
 2006 - 2007 жылдар аралығында Абжанова А.А. және Молдабаева Ж.Ш. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» бағдарламасына сәйкес екі жыл мемлекеттік қызметтерлерге білім берумен айналысты.
 ЦМК ПОВТ мұғалімдері Молдабаева Ж.Ш., Кашкинова Н.А, Нугуманова В.М., Пархоменко М.Н 2007 жылғы оқулықтардың сапасын бағалаумен айналысып, республикалық «Учебник» баспасынан шыққан оқулықтарға экспертиза жүргізген болатын. Сонымен қатар Абжанов С.Д., Долгополова С.М Молдабаева Ж.Ш., Нугуманова В.М., Пархоменко М.Н. ұстаздар колледж оқушылары үшін ПОВТ мамандығының пәндері бойынша тесттік тапсырмаларға экспертиза жүргізді.
 Директордың ақпараттық технология бойынша орынбасары Абжанов С.Д. профессор Қ.И. Оралбековтың жетекшілігімен 2008 жылдан бері Қарағанды облысының колледждерінде «Автоматтандырылған жүйелерді басқару «Білімал. Электрондық колледжі» бағдарламасын жүзеге асыруда.
 ЦМК мұғалімі Капасов М.Қ жетекшілігімен ПОВТ-2007-1 тобынын студенттері информациялық технологиялар бойынша халақаралық интеренет олимпиадасында бірінші сұрыптау кезеңінде жеңіп, екінші республикалық кезеңіне дайындалуда.
 Біздің оқушылар да қалалық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Мысалы: 2007 жылы ПОВТ-2006-1 тобының студенттері Жумаканов М. пен Дюсенбеков Е. еңбегі облыстық информатика саласы бойынша жұмыстар сайысында ерекше көзге түсіп, I орынға ие болды.
 Информатика мұғалімі И.С.Давидюк шәкірттері 2003 - 2006 жылдар аралығында өткізілген информатика пәні бойынша облыстық олимпиада ойындарында үш жыл қатарынан бірінші орындарға ие болып келді.

Көрсетілген нәтежиелер білім беру процессіндегі ұстаздар мен оқушылардың кәсіптік жоғарға деңгейін көрсетеді. Сондықтан да ЦМК оқушыларды тәрбиелеуге үлкен назар аударып келеді. Сынып сағаттары, мамандыққа байланысты олимпиадалық ойындар мен, «Дербес компьютердегі үздік оператор», «Кибер - спорт» сынды сайыстар жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл оқушылардың мамандықтарын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз POVT.kz бірлестігімен де мақтан ете аламыз. Бұл бірлестіктің құрамына ПОВТ мамандығында оқитын бірінші курстан бастап, бітіруші курс аралығындағы студенттер кіреді. Бірлестік студенттердің тек колледжде ғана емес, сонымен қатар интернетте де ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Бұл ПОВТ мамандығында оқитын бараша студенттердің өзара тату екенінің нышаны. ЦМК апталығында біз осы мамандықта оқитын барлық студенттердің арасында «Капустник» және көптеген қызықты сайыстар өткіземіз.
Айтылған жетістіктеріміз ұжымның татулығы мен біртұтастығының арқасында екені сөзсіз.

ЦМК ПОВТ
ЦМК ПОВТ
Теги: povt, moldabaeva

Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК спецдисциплин ПОВТ

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок