Қош келдің Наурыз!

Автор: Zhaina от 19-04-2016, 10:53, посмотрело: 364

0 Шадыман шаттығын жетелеп Көктем де келді. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс-жақындағы ағайынмен қауышуға жазды. Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да колледжіміздің табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бұл күні аспан ашылып, күн жылынып, табиғат та нұрланып сала берді. Мейірімін шашқан көктемнің бұл күнін көпшілік берекенің бастауы десіп, жақсы нышанға балап жатты. Осыған орай колледж студенттері іс-шара өткізіп Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтады. Бірінші және екінші курс студенттері арасында Наурыз мейрамына арналған қабырға газеттеріне жарыс ұйымдастырылды. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі.
Біздің Наурыз мейрамы да татулыққа, бауырмалдыққа, бірлікке шақырады емес пе? Өткендегі өкпелерін ұмытып, кінәларын кешіріп, бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасып көрісетін көрініске бүгін де куә болып жүрміз. Жаңа жылдың басында көрші-қолаңдарына, туыс-жекжаттарына ізгі тілектерін айтып, ұлыстың ұлы күнінен бастап көңілдерінде қыжыл қалдырмай жақсы қарым-қатынасқа көшетін болған. Әркім үйлерінде кең көңілдерін білдіре дастарқан жайып, мерекелік мол тағамнан дәм татырған. Бұл күнгі мерекелік дастарқанның жөні де мүлдем бөлек. Қазақ халқының өзгелерге ұқсамайтын ұлттық тағамдарының түрі көп. Бірақ, Наурыз мейрамына орай жайылған дастарқанның құда күткендегіден кем түспейтін, ас мәзірі жөнінен басты бір ерекшелігі бар. Ол – наурызкөже.
«Үстел үсті түрлі тағамға толып тұрса да, наурызкөже ұмытылса орны үңірейіп қалады» дейтін көнекөз қариялардың сөзінің қисыны бар. Жыл соңына дейін молшылық болсын деген ниетте 1 курс студенттерінің жайған наурыз дастарханыңда жеті дәмнің барлығы да табылады.
Қош келдің Наурыз!Қош келдің Наурыз!




































Сонымен қатар, 1апта бойы әртүрлі ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің колледжде Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Апталық соныңда сахнада наурыз мерекесіне арналып «Қош келдің Наурыз »атты салтанатты мерекелік концерт жалғасын тапты. Оқу орнымызда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтілді.
Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттады.


Қош келдің Наурыз!




Қош келдің Наурыз!






Қош келдің Наурыз!







Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК спецдисциплин ПОВТ

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок