Отан қорғаушылар күні.

Автор: admin от 25-05-2016, 11:28, посмотрело: 383

0 5 мамырда Теміртау политехникалық колледжінде, Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орайластырып сапта жүру сайысы өткізілді. Отанға деген сүйіспеншілік, отан қорғауға деген дұрыс көзқарас қалыптастыруды мақсат тұтқан сайыс бірінші курс студенттері арасында өткізілді. Сайысты бағалау үшін Теміртау қаласында орналасқан 5516 әскери бөлімнің сардарлары келіп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тіледі.
Студенттердің сайысқа дайындығынан ақ, шараға аса жауапкершілікпен келгендігін аңғардық. Әскери бұйрықтарды орындау , талаптарды тәрк еттпеу, сап әндерін сәніне келтіре орындау көрінісіне куә болдық. Қазыларда әділдік танытып, сайыс қорытындысы бойынша ПОВТ-2015-1, ТОРА-2015-1, ТОСТ-2015 топтарының асығы алшысынан түсті. Жас ұрпақтың нық қадамынан, кемел болашақтың лебізін сездік.


Қоғамдық пәндер оқытушысы: Сламбекова.Г.Б
Отан қорғаушылар күні.
Отан қорғаушылар күні.
Отан қорғаушылар күні.

Категория: Информация » Методический кабинет » ЦМК социально - экономических дисциплин

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок