МАНСАП АПТАЛЫҒЫ

Автор: Beka1985 от 16-10-2019, 22:55, посмотрело: 76

0 2019 жылдың 2, 3, 4 қазан айында «Мансап апталығы» АҚ «АрселорМиттал Теміртау» ұйымдастырылған шараға Теміртау жоғары политехникалық колледж қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс беруші мен болашақ қызметкерлердің кездесуін ұйымдастыру, сондай-ақ студенттерге компания кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға көмектесу, ал талапкерлерге болашақ мамандық таңдауын анықтау. Осындай іс-шараны АҚ «АрселорМиттал Теміртау» осындай алғаш рет өткізіліп отыр.
Іс-шараға Теміртау және Қарағанды қалаларының үш жүзден астам студенттері мен талапкерлері, олардың ішінде Теміртау жоғары политехникалық колледж студенттері қатысты.
«Мансап апталығы» шеңберінде үш күн қатарынан барлық қатысушыларға АҚ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылары және басқа да шақырылған спикерлер тренингтер, мастер-класстар қаржы, маркетинг, металлургия, тау-кен ісі бойынша дәрістер өткізді және сонымен қатар, студенттерге компанияның әлеуметтік саясаты және қызметкерлерді оқыту және дамыту мүмкіндіктері туралы айтылды.
Осы шарада біздің колледж ТМ-2016 тобының студенттері қатысып, «Өз жұмысының шебері» атты мастер класста 1-ші орынға Ашенбренер Артем ие болды. Қалған қатысқан студенттерге алғыс хат және түрлі сыйлықтар берілді.
МАНСАП АПТАЛЫҒЫ
МАНСАП АПТАЛЫҒЫ

Категория: ЦМК ТМ и ТДМ, Практика, Мероприятия

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок