» » » Халықаралық ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы

 
 
 

Халықаралық ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы

Автор: Beka1985 от 8-02-2019, 00:04, посмотрело: 298

0 Теміртау жоғары политехникалық колледжінде 07 ақпан 2019 «Қазақстан Республикасында дуалдық оқыту жөніндегі Стратегиялық альянс» атты жұмыс кездесуі өтуде, кездесу барысында «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша ТжКО аясында, дуалды оқытуды жүзеге асырудың төрт жылдық Қазақстан-Германиялық жобасының қорытындысы шығарылды.
Бұл жобаның мақсаты әлемдік нарықтағы сұранысқа ие «Автоматтандырылған техника бойынша электроншы» мамандығын қазақстандық еңбек нарығына енгізу.
2014 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия «GIZ» қоғамы арасындағы келісімге сәйкес, колледжде жобаны кезең-кезеңмен іске асыру жүргізілуде. 2014-2018 ж.ж. «Evonik Industries AG» өндірістік концерн базасы негізіндегі Германия колледжінде студенттер, әлеуметтік серіктестер, арнайы пән оқытушылары мен басшылар тағылымдамадан өтті, жаңа біліктілік бойынша мамандар шығарылды, мамандықтың материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Екі жақты ынтымақтастықтың қорытындысын шығару үшін, кездесуге неміс сарапшылары - К.Лехберц, Х.Деккер, Қарағанды облысы кәсіпкелер Палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің мамандары, Теміртау қаласындағы– «Автотехцентр Азия» ЖШС, «Инкар-1» ЖШС, «Фольти» ЖШС, «АМТ» АҚ әлеуметтік серіктестерінің өкілдері, Қарағанды облысы Білім Басқармасының өкілдері шақырылды.
Кездесудің аяқталуын «Инкар-1» ЖШС өндірістік аланында өткізілді.

Халықаралық  ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы
Халықаралық  ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы
Халықаралық  ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы
Халықаралық  ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы
Халықаралық  ынтымақтастық бойынша дуалдық оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы

Категория: События, Практика, Дуальное Образование

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
Заказать звонок